Ақтөбе облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті

Аудан тұрғындарына көмек.

07.04.2017

       

  3 сәуір күні Алға аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында  Алға ауданында әлеуметтік мәселелерді шешу бағыты- Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету- терроризмнің алдын алуға дайындық жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін  келген облыстық ішкі істербасқармасы бастығының орынбасары Қ.С.Жақсығалиев медицина қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

          Кездесуді ашқан аудан әкімінің орынбасары  Ә.Ж.Қонжар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан  -2050: бір мақсат,  бір болашақ, бір тірлік» атты жолдауында халық денсаулығы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып белгіленгенін, осы бағытта біздің ауданға сәуір айында облыс орталығынан білікті дәрігерлер келіп, аудан халқын медициналық тексеруден өткізіп, көмек   көрсету үшін медицина қызметкерлері  келеді. Бұл шаралар Елбасының, мемлекеттің республика халқына жасаған қамқорлығы.

          Кездесуде  облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Қ.С.Жақсығалиев -  біздің негізгі мақсатымыз - лаңкестіктің (терроризмнің) алдын алу, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 3-5 сәуір аралығында Алға ауданында лаңкестіктің (терроризмнің) алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ақтөбе- қауіпсіз қалаға айналады. Полицияда өз балаларымыз жұмыс жасап жатыр, жұмыс оңай емес. Қоғам қандай болса біздер полиция қызметкерлері де сондаймыз.  Полиция қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

        Лаңкестікпен күресуде бұл менің жұмысым емес демей, осы жұмыстарды бәріміз бірлесіп, бірге жұмыс жасауымыз керек.   Аудандық аурухана адам көп жиналатын жер. Адамдар ауруханада емделеді, тексеруден өтеді, кеңес алады, ұсыныстар береді. Медицина қызметкерлері мен полиция берге жұмыс жасап, бір-бірімізге көмектесуіміз керек.

        Бейнеайналма көрсетілді.

        Медицина қызметкерлері өз ойларын айтып, сұрақтар қойды. Лаңкестіктің алдын алу қағидалары бойынша  ақпараттық оқыту материалдары таратылды.  

.