Ақтөбе облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті

АИТВ-жұқпасының алдын алу.

07.04.2017

      

  31 наурыз күні Алға аудандық орталық аурухананың ұйымдастырумен   Қазақстан Республикасы денсаулық саласын дамытудың  2016-2019  жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында  «Ақтөбе облысының білім жүйесіндегі АИТВ-жұқпасы бойынша алдын алу жұмыстарын жандандыру туралы» Ақтөбе облысының денсаулық сақтау және білім беру басқармаларының бірлескен бұйрығы негізінде  аудандағы жалпы білім беретін мектептердің директор орынбасарларын АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша оқытумен қамтамасыз ету семинар өткізді.

        Семинарда бейнеайналма арқылы  ЖИТС ауруының белгілері, сақтану жолдары, салауатты өмір салты- денсаулық негізі екенін аудандық аурухананың инфекционист дәрігері Н.Король мен дәрігер валеолог Т.Сәтен түсіндіріп, көрсетті.

        Ақпараттық-оқыту матераилдары таратылды. Осы  семинарларды ата-аналар мен оқушылар арасында  ұйымдастырып, өткізу жұмыстары түсіндірілді.  

       Ақпараттық-оқыту материалдары таратылды.

.