Ақтөбе облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті

«Әлеуметтік мәселелерді шешу» акциясы

10.04.2017

 

Ақтөбе облыстық  денсаулық сақтау басқармасының 31 наурыз2017 №570-1 облыстық бұйрығына сәйкес   2017 жыдың сәуір айының 03-05 аралығында Ақтөбе облысында «Әлеуметтік мәселелерді шешу» облыстық акциясының шеңберінде Шалқар ауданына №2 КЕ –сы бас дәрігерінің орынбасары ,топ жетекшісі С.Қ Нұрбаев бастаған маман дәрігерлер келді,яғни балалар неврологі,невролог,хирург,балалар хирургі,кардиолог,балалар кардиологі, эндокринолог, балалар эндокринологі ,гинеколог . Дәрігерлер Қауылжыр, Мөңке би, Біршоғыр елді мекен тұрғындарын қарап , медициналық көмек көрсетті. Барлығы қаралғаны- 2236 адам, оның ішінде 269 әйел,1868 бала.137 науқас анықталып аудандық,облыстық ауруханаларға жолданды. 

.