Ақтөбе облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті

7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні.

14.04.2017

7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні . «Күйзеліс: әңгімелесейік» атты ұранмен өткізілген іс-шара аясында ,аудандық емханада «Ашық есік» күні,психолог,салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мамандарының қатысуымен, семинар-тренинг  «Отбасын жоспарлау», «Жас аналар» , «АГ және ЖИА» , «Сау балалар» бөлмесінде , «Желкен» ЖДО –да мектеп оқушылары арасында «Күйзелісті тоқтат!»  атты акция өткізілді. Аудан мектептері,агротехникалық колледж студенттері арасында семинар-тренингтер «Мен күйзелісті жеңемін» , «Күйзеліске жол жоқ», «Күйзелісті тоқтат!» тақырыптарына , «Мен күйзелісті жеңемін!» тақырыбына шығарма жазылды. «Күйзеліс: әңгімелесейік» атты тақырыпта дөңгелек стол , «Тұлғаның күйзеліске өзіндік тұрақтылығын бағалау»  туралы сауалнама ұйымдастырылды. Барлық өткізілген іс-шаралар-53, қамтылғаны-4912адам.

.