Ақтөбе облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті

Алға ауданы елді мекендерінің тұрғындарына медициналық көмек көрсетілді.

14.04.2017

Сәуір айында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша   Алға қаласы мен ауылдық жерлерде екпе алудан бас тартқан балалардың ата-аналарымен   түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

           Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің  найб имамы Досаналиев Мұрат Турсынмуханбетұлы,  «Аңсар-Алға» қоғамдық бірлестігінің басшысы Б.Жұмабек,   ауылдық округ әкімдері, аудандық аурухана салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Т.Сәтен,   аудандық аурухананың иммунолог дәрігері А.Сұлтанғалиева, аудандық аурухананың медбикесі А.Нұртазина бар жұмысшы тобы 6 сәуір күні Алға қаласында, Бестамақ, Бесқоспа, Маржанбұлақ елді мекендерінде    екпеден бас тартқан отбасылармен жеке-жеке үй аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барылған барлық үйлерге қандай жұқпалы ауруларға қарсы, қай жастарда  екпе жасалады, екпенің маңызы, шығу тарихы, құрамы, екпеден кейін бала ағзасында қандай өзгерістер болуы мүмкін, ол үшін ата-ана не істеуі керек, медициналық бақылау туралы  нақты  ақпараттар беріліп, ақпараттық оқу материалдары таратылды.

          Қойылған сұрақтарға жауап берілді. 

.