Ақтөбе облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы семинар өтті.

14.04.2017

     

   4 сәуір күні  Алға аудандық  аурухананың дәрігерлері № 2 Алға орта мектебінің  мәжіліс залында аудан мектептерінің директор орынбасарлары арасында Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы семинар өткізді.  

         Семинарда валеолог дәрігер  қатысушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қағидаттары,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар  және  медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар мен  жарналарды төлеушілердің  міндеттері,  әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің  қаржыландыру көздері, қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен  кімдер  жарналар төлеуден босатылатындығы бейнеайналма арқылы түсіндірілді.        

         Медициналық сақтандырудың бар екендігін қалай анықтауға болады,  өз ісімен айналысатын және жұмыссыз азаматтар МӘМС жүйесіне қалай мүшелік ете алатындығы жөніндегі ақпараттармен  медицина қызмектерлері таныстырды.

        Семинарға қатысушылар өздерін толғандырған, түсінбеген  сұрақтарына толық жауап алды.  

.