Ақтөбе облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті

Аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсету.

19.04.2017

   

    14 сәуір күні Алға аудандық орталық ауруханаға  Алға ауданында әлеуметтік мәселелерді шешу бағытының денсаулық сақтау саласы бойынша аудан халқына медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығынан білікті дәрігерлер келді. Құрамында 12 дәрігер бар бригада Алға ауданы тұрғындарына дәрігерлік және консультациялық көмек көрсетеді. 

       Келген мамандар  акушер-гинеколог, кардиолог, невролог, хирург, невропатолог, эндокринолог т.б. Облыстың жоғары санатты тәжірибелі дәрігерлерінен құралған мамандар аудан тұрғындарын, науқастарды қабылдап, диагностикалық зерттеулер жүргізеді, анықталған науқастарды көрсеткіштер бойынша Республикалық және облыстық медицина ұйымдарына жолдау қарастырылған. Облыс орталығынан келген хирург дәрігерлер, облыстың бас хирургімен бірге  аудандық  аурухананың хирург дәрігерлерімен бірге аудандық аурухананың хирургия бөлімінде жатқан 3 науқасқа лапароскоп аппаратымен холецистоэктомия операциясын жасады, көмектерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.

       Осы күні 184 аудан тұрғынына дәрігерлік және консультациялық көмек көрсетілді.      

      Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары тұрғындар арасында екпеден бас тартқан 10 отбасылармен жеке кездесулер өткізіп, ақпараттық  түсіндіру жұмыстарын жүргізді, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен сақтау қағидалары бойынша  ақпараттық оқыту материалдары таратылды. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табады.

.