Ақтөбе облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті

Жарақаттң алдын алу айлығы.

20.04.2017

 

2017 жылғы 1-30 сәуір аралығында жарақаттың алдын алу жөнінде айлық өтуде.Мақсат мектепке дейінгі ,мектеп жасындағы балалар ,жасөспірімдер,жастар арасында жарақат мәселесіне барлық халықтың назарын аудару және одан болатын өлім-жітім мен мүгедектің алдын алу.Айлық аясында емханда 14 .04.2017 ж «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Тұрғындар арасында жарақат түрлері,одан келетін экономикалық шығындар, жарақаттар (жол –көлік жарақаты, суға бату,күю, биіктен құлау мен улану) 5-15 жастағы балалар арасында өлім-жітім мен мүгедектің басты үш себебінің бірі болып табылатындығы,үнемі өткізіліп отыратын «Қауіпсіз жол» , «Назар аударыңыз-балалар!» атты кең ауқымды профилактикалық шаралар нәтижесінде соңғы үш жылда елде апат көрсеткішінің төмендеуі байқалуда екені айтылды. Дәрігер хирург С.Тобагагулов тұрғындар арасында жиі кездесетін сынықтар,қан кету,тоқ ұру кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлеріне тоқталып , практика жүзінде көрсетті,қатысқаны-30 адам. Сонымен қатар №5 мектепте 5,6 сынып оқушылары арсында «Алғашқы медициналық көмек» атты сайыс өткізілді. Сайыс таныстыру,девиз,қабырға газетін қорғау, сұраққа жауап,практикалық көрсету,пайдалы қозғалыс бөлімдерінен өтті. Сайыс жеңімпаздарына мадақтау грамоталары, алғыс хаттар табысталды.Қатысқаны-100 адам.

.