областная станция скорой и неотложной помощи

Объявление

29.03.2017 ГКП «Шалкарская ЦРБ» на ПХВ ГУ «Управление здравоохранения Актюбинской области»

«Ақтөбе  облысының денсаулық сақтау басқармасы»  ММ-нің ШЖҚ «Шалқар аудандық орталық ауруханасы» МКК  бойынша 2017 жылға «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» туралы хабарлама.

 «Халық денсаулығы  және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 жылғы Қазақстан Республикасы Кодексі негізінде,  «Ақтөбе  облысының денсаулық сақтау басқармасы»  ММ-нің ШЖҚ «Шалқар аудандық орталық ауруханасы» МКК   және  «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық  қызметке ақы төлеу комитеті» РММ-мен 2017 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде  медициналық  қызметтер көрсетуге арналған келісім шарт жасасқаны туралы және 08.02.2017 жылғы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қызметтерін берушіні анықтап, таңдау қорытындысы туралы хабарлайды. «Ақтөбе  облысының денсаулық сақтау басқармасы»  ММ-нің ШЖҚ «Шалқар аудандық орталық ауруханасы» МКК   тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде  сатып алынған қызметтер тізіміне сәйкес медициналық қызметтерді көрсетуді өзіне міндеттейді.

 

Медициналық көмек түрлері бойынша:

- Дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

- Білікті медициналық көмек;

- Мамандандырылған медициналық көмек;

- Медициналық әлеуметтік көмек;

 

 Медициналық көмек нысандары бойынша:

  • Амбулаторлы-емханалық көмек;
  • Алғашқы медициналық – санитариялық көмек;
  • Консультациялық  диагностикалық көмек;
  • Стационарды алмастыратын медициналық көмек;
  • Стационарлық көмек;
  • Стационарды алмастыратын медициналық көмек (Гемодиализ);
  • Стоматологиялық медициналық көмек;
  • Жылжымалы медициналық кешен базасы тұрғысындағы арнайы  автокөлікпен скринингтік тексеру өткізу.

 

Барлық көрсетілетін қызметтер бойынша мекеме қызметкерлері даярлықтан және қайта даярлаудан өткен, маман сертификаты бар.

 

Медициналық қызмет көрсету мекен-жайы:  Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Ө.Сейтов көшесі №33 үй. Тел:8/71335/-21-2-81, 21-3-51.

 

.